Украинада қаралы күн жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада қаралы күн жарияланды

Украинада қаралы күн жарияланды

Бүгін Украинада қаралы күн жарияланды. Бұл елдегі ең ірі шахталардың бірінде  жарылыс болып, 33 адам қаза тапқан еді. 17-сі ауыр жараланды. Тағы бірнеше адамның тағдыры белгісіз.

  • 6 Наурыз 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Донецк облысындағы Засядько шахтасында болды. Жарылыс болған сәтте кен орнында 230-ға жуық жұмысшы жүріпті. Әзірге апатқа метан газының тарауы себеп деген болжам айтылуда. Нақты жағдайды арнайы құрылған комиссия анықтайды. Кен орнында заңсыз жұмыс жүргізіліпті деген де болжам бар. Засядько шахтасы – бұрынғы Кеңес елдері аумағындағы ең ескі кең орындарының бірі. Әрі шахта орналасқан аумақ сепаратистердің бақылауында. Бұл бірінші кезекте құтқарушылардың жұмысына қолбайлау болып тұр.