Украинада Қазақстанға бағыт алған автокеруенге шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада Қазақстанға бағыт алған автокеруенге шабуыл жасалды

Украинада Қазақстанға бағыт алған автокеруенге шабуыл жасалды

Қарулы топ Астанаға жеткізілуі тиіс 50 камазды күштеп тартып алған. 500 млн теңге "шығынға баттық" деген елордалық компания енді еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрауға мәжбүр.

  • 18 Наурыз 2014
  • 219
Фото - Caravan.kz

Шабуыл Украинаның Чернигов қаласынан шыға берісте жасалған. Шекарада кедендік рәсімдеуден өткеніне қарамастан «Майданның өзін-өзі қорғау жасағынанбыз» деп таныстырғандар  көліктерді күштеп тартып алып белгісіз бағытқа айдап әкеткен. Оларды тоқтатуға оқиға орнына жеткен милицияның күші жетпепті. Салдарынан қазақстандық компания жарты миллиард теңге шығынға батқан. Ал камаздарды көктемгі егіске әзірленіп жатқан шаруалар асыға күтіп отырған еді.

Марат Сиразитдинов, дистрибьюторлық компанияның
директоры:

— Көліктер сақтандырылмаған болатын. Украинадағы оқиғаларға байланысты ондағы сауда мүлдем тоқтап қалған еді. Сөйтіп өзара келісім-шартқа қол қойып, тұрып қалған «Камаздар» осы аптада Астанаға  келуі тиіс болатын. Қалайда «қайтарып аламыз» деген үмітім бар. Сыртқы істер министрлігіне хат жазып,іске араласуын сұрадық.