Украинада Ресей ұшағы апатқа ұшырады, онда 170 адам болған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада Ресей ұшағы апатқа ұшырады, онда  170 адам болған

Украинада Ресей ұшағы апатқа ұшырады, онда 170 адам болған

АЛМАТЫ. 23 тамыз. Kazakhstan Today. Украинада Анападан Санкт-Петербург қаласына бағыт алған ресейлік ұшақ апатқа ұшырады.

  • 23 Тамыз 2006
  • 383
Фото - Caravan.kz

Ұшақ бортында 160 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Сейсенбі күні, 15 сағат 39 минутта Анапа-Санкт-Петербург бағыты бойынша 612- рейспен ұшып бара жатқан Пулков әуе жолдарының Ту- 154 ұшағы SOS дабылынан кейін радардың назарынан жоғалған. Алғашқы ақпаратқа қарағанда, ұшақ Донецк қаласынан солтүстікке қарай 45 шақырым жерде апатқа ұшыраған»,-деп хабарлайды Ресей ТЖМ .

Қазіргі кезде әуе апаты орын алған жерде құтқару шаралары жүзеге асырылуда. Донецк түбіндегі Сухая балка ауылында отыз адамның мәйіті табылған.