Украинада сепаратистер жарылған шахтаға құтқарушыларды жібермей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада сепаратистер жарылған шахтаға құтқарушыларды жібермей қойды

Украинада сепаратистер жарылған шахтаға құтқарушыларды жібермей қойды

Украинаның ең ірі көмір шахталарының бірінде жойқын жарылыс болды. Салдарынан 30-дан астам адам қаза тауып, тағы 15-і жараланған. Оқыс оқиғаға газ қоспасының жарылуы себеп деген болжам айтылды.

  • 5 Наурыз 2015
  • 248
Фото - Caravan.kz

Шахта Донецкде орналасқандықтан  қазір сепаратистердің бақылауында тұр. Ел президенті Петр Порошенко ол жерге Украина құтқарушылары мен құқық қорғау орындарының өкілдерін өткізуді талап еткен. Алайда, бүлікшілер бұл талапты орындаудан бас тартты. Жалпы, жарылыс кезінде жер астында 230 шахтер болған. Сондықтан қазір көптеген жұмысшылардың жағдайы белгісіз. Ал ел билігі қаза тапқан адамдар санының әлі де артуы мүмкін екенін айтуда.