Украинадағы қантөгіс тоқтар емес - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы қантөгіс тоқтар емес

Украинадағы қантөгіс тоқтар емес

Билік пен оппозиция түнде ғана бір келісімге келіп, күш қолданбаймыз дегенімен  ереуілшілер милициямен тағы атысты. Қарсыластарды бүгін «қаралы күн» деп жарияланғаны да тоқтатар емес. Ал жаңа күшпен ушыққан тәртіпсіздіктен қазір 40 адам мерт болып, жараланғандар саны мыңға таяды. Оның жартысы тәртіп сақшылары.

  • 21 Ақпан 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz


Украина астанасындағы мектеп, дүкендер мен метро жұмысын тоқтатқан. Қалаға кірер жолдардың да барлығы кешелі бері жабық. Бірақ ереуілшілер қатары бұдан азайып жатқан жоқ. Елдің өзге аймақтарынан Киевке ағылып келіп жатқандар мыңдап саналады. Қазір оппозиция жақтастары Майдандағы баррикадаларын қайта бекітіп жатыр. Ал тығырыққа тірелген президент Виктор Янукович бүгін Польша, Германия және Францияның сыртқы істер министрлерімен шұғыл жиын өткізуде. Биліктің өзі оппозициямен келіссөз жүргізіп, конституцияға өзгерістер енгізуге дайын екендігін жеткізді.