Жарияланды: 450

Украинадағы қақтығысқа қатысқан Қ­азақстан азаматына шартты жаза кесілді ­

Украинадағы қақтығысқа қатысқан Қ­азақстан азаматына шартты жаза кесілді ­

Өскемен қаласының №2 соты шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысқан жергілікті тұрғынға жаза кесті.

Бұл туралы облыстық сот төрағасы Досжан Әміров хабарлады.
Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша айыпталған ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
«Істі жан-жақты қарап шыққан сот оны айыпты деп танып, үш жылға шартты жаза түрде кесті. Сонымен қатар, күдікті сот процесіне кеткен шығындарды төлеуі тиіс», - делінген хабарламада.
Іс материалдарына сүйенсек, өскемендік азамат Украинаның оңтүстік-шығысында көтерілісшілер жағында болып, оларға медициналық жәрдем көрсетіп келген.
«Сотталушының айтуынша, ол Луганск түбіндегі әуежайдағы соғысқа қатысқан. Бірақ, бірде-бір рет оқ атпаған. Сол ұрыста жараланған ол Донецк госпиталіне жеткізіліпті. Емделіп шықаннан кейін Өскеменге қайтып оралған азаматты ҰҚК қызметкерлері қамауға алған» көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін