Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды - СІМ

Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды - СІМ

 

  • 25 Ақпан 2022
  • 26
Фото - Caravan.kz

Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр", — делінген СІМ хабарында.

Бұл рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады екен. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етіліпті.

"Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті — Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49", — делінген хабарламада.