Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялаған қазақстандық басылым Ресей сотына шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялаған қазақстандық басылым Ресей сотына шақырылды

Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялаған қазақстандық басылым Ресей сотына шақырылды

Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялағаны үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алғанын мәлімдеді.

  • 1 Ақпан 2023
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа арызданушы Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі деп жазылған. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.

Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында "Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс жайлы мақаладан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады" деп жазылған.

Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.

Қазақстандық БАҚ Ресей сотынан алғаш рет шақырту алып отыр. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылау федералдық қызметі (Роскомнадзор) бірқатар қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс жайлы материалдарды алып тастауды талап еткен.

Роскомнадзордан
Аrbat.media, "Власть", Informburo.kz, Ratel.kz
, Newtimes.kz басылымдары Украинадағы соғысқа қатысты материалдарын өшіруді талап еткен хат алған.

 

Соңғы жаңалықтар