Украинадан бөлінген Қырым ақыры Ресейге қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадан  бөлінген Қырым ақыры  Ресейге қосылды

Украинадан бөлінген Қырым ақыры Ресейге қосылды

Қырым ақыры тәуелсіздігін жариялады. Жоғарғы Кеңестің 85 депутаты кешегі референдумнан соң автономияның тәуелсіздігі жайлы қаулы қабылдап үлгерді. Енді олар Қырымды Ресейдің субъектісі ретінде қабылдау туралы өтініш білдіруде.

  • 18 Наурыз 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz


Жексенбіде  аймақ статусын анықтау үшін референдум өткен болатын. Соған қатысқан халықтың 96 пайызынан астамы Қырымның Ресей құрамына кіруін қалайтындығын мәлімдеген. Мұның алдында жергілікті украиндар мен татарлар референдумга байкот жариялаған сияқты еді. Бірақ Қырым билігі дауыс беру құқы бар- халықтың 73 пайызы қатысты дейді. Бірақ сайлау қорытындысын Ресейден басқа әзірге ешкім мойындайын деп отырған жоқ. Ал ресейшіл топтар армандарының ақыры іске асқанына қуанып, тойлауды бастап та кеткен. Бүгін «дербеспіз»- деп жариялаған Қырым билігі де іске белсене кіріскен. Түбек енді алдағы айдан бастап Мәскеу уақытына ауысады, Ресей рублін пайдаланады және Ресей заңы бойынша әлеуметтік төлемдерді алмақ.