Украиналық әскерилерге жаудың автокөлігін, танкі мен ұшағын жойғаны үшін және соғысқа қатысқаны үшін сыйақы төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украиналық әскерилерге жаудың автокөлігін, танкі мен ұшағын жойғаны үшін және соғысқа қатысқаны үшін сыйақы төленеді

Украиналық әскерилерге жаудың автокөлігін, танкі мен ұшағын жойғаны үшін және соғысқа қатысқаны үшін сыйақы төленеді

Украиналық әскерилерге жаудың автокөлігін, танкі мен ұшағын жойғаны үшін 12 мыңнан 121 мың гривен,

  • 29 Қаңтар 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz


бір тәулік соғысқа қатысқаны үшін 1 мың гривен төленеді. Украина Министрлер кабинеті осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды елің Қорғаныс министрлігі.
Қаулы бойынша «соғысқа тікелей қатысқан жауынгер шайқастың әр тәулігі үшін 1 мың гривен ақы алады».
Үкімет қаулысында жаудың әскери техникасын ойған жауынгерлерге төленетін сыйақы мөлшері де көрсетілген.
«Атап айтсақ, қарсыластың автокөлігін жойғаны үшін 10 төменгі айлық көлемінде (12 мың гр); танк жойғаны үшін – 40 төменгі айлық көлемінде (48 мың гр), дүркін-дүркін оқ ататын реактивті жүйені жойғаны үшін – 50 төменгі айлық көлемінде (60 мың гр), әскери ұшақты жойғаны үшін – 100 айлық көлемінде (121 мың гр) сыйақы төленеді», — делінген хабарламада.