Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан

Украиналық сайт қазақстандықтардың жеке деректерін таратқан

Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі сайттың жұмысына тыйым салды.

  • 9 Қараша 2021
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.

"Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы ("Жеке өмірге қол сұғушылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


Бұған дейін қазақстандықтар сайттардағы, соның ішінде мемлекеттік сайттардағы, WhatsApp-чаттардағы дербес деректерінің таратылғанына шағымданған болатын.

Соңғы жаңалықтар