Жарияланды: 3000

"Украинаны соңғы демім қалғанша қорғау менің парызым": Қостанайлық қазақ жігіті Донецк қаласында Украина үшін соғысып жүр

"Украинаны соңғы демім қалғанша қорғау менің парызым": Қостанайлық қазақ жігіті Донецк қаласында Украина үшін соғысып жүр Сурет - Медиазона

Қостанай облысының Арқалық қаласынан шыққан 31 жасар Жасұлан есімді азамат Украинаның Донцек қаласында Украина үшін соғысып жүр. 

Ол Қазақстан азаматы бола тұра не үшін соғысып жүр? Украинаға қалай тап болды?

Осы және өзге де сұрақтарға ол "Медиазона" басылымына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менің атым - Жасұлан. Жасым - 31-де.  Қостанай облысы, Арқалық қаласынанмын. 1999 жылдан бастап Астанада тұрдым. Ең алғаш Украинаға 2015 жылы ресейлік БАҚ айтқандай расында жаман ба, соны тексеруге барғанмын. Сол кезде Майдан аяқталып жатқан. Ресей пропагандасынан кейін  орысша сөйлесем, украиналықтар агрессия білдіреді деп ойладым. Бірақ, олай болмай шықты, олар жай ғана бақытты болғылары келеді. Украинада екі жыл тұрдым. Қазақстанға қайтып келген кезде, украиналықтардың  ресейлік БАҚ айтқандай емес екенін жұртқа түсіндірдім. Бірақ, туысқандарымның бірі де оны түсінгілері келмеді, сондықтан олардың барлығымен байланысымды үздім", - деді Жасұлан.

            "Соғыс аяқталған бойдан Украинаның азаматтығын аламын"

Жасұлан қазіргі таңда Украина үшін соғысып жүр, соғыс аяқталған бойдан Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Украина азаматтығын алатынын айтты.

"Менің әйелім украин қызы, екі балам бар. Балаларымда енді қазақ пен украин қаны бар. Бұл ел маған махаббат пен отбасыны сыйлады. Сол себепті мен бұл елді міндетті түрде қорғауым тиіс. Бұл менің парызым. Әзірге азаматтығым - қазақстандық, бірақ соғыс аяқталған бойдан Украинаның азаматтығын аламын", - деді Жасұлан.

Сұхбат барысында Жасұлан Украина қарулы күштеріне қалай қосылғанын да айтып берді.

"2021 жылдың қыркүйегінде мен келісім-шарт жасасып, Украинаның қарулы күштеріне қосылдым. Сол кезде Қазақстаннан ұшып келіп, Харьковте үш ай тұрып, сосын қызметке кірістім.

Порошенко 2016 жылы Украинаның егемендігін қолдайтын және оның аумақтық тұтастығын қорғағысы келетін кез-келген адам елдің Қарулы Күштерінің қатарына кіре алады деген жарлық шығарды.

Рас, олар мені қарапайым азаматқа қарағанда біршама ұзағырақ қабылдады: көптеген тексерулер, құжаттар сұраулары болды және оң жауаптар келгеннен кейін ғана мен қызметке кіре алдым. Сондықтан қазір мен Украинаның Қарулы Күштерімен ресми келісім-шарт бойынша ы жалақы аламын", - деді Жасұлан.

Жасұлан сұхбат барысында Украинаны соңғы демі қалғанша қорғайтынын айтты.

"Мен өз елімді жақсы көретінімді, қазақ болғаным үшін мақатанатынымды айтқым келеді. Бірақ, мен Украинаның қарулы күштерінде мәңгі қаламын. Украинаны қорғайтын боламын. Мен сондай-ақ Украина халқын өте жақсы көремін, өйткені ол ресейлік насихаттан мүлдем өзгеше болды. Бұл өте қарапайым және болашаққа жақсы мүмкіндіктер беретін ел. Мен бұл елді табиғатты,теңіздері, ормандар үшін жақсы көремін. Жалпы, маған жақын адамдар өте көп. Сондықтан бұл елді соңғы демім қалғанша қорғау менің парызым", - деді сөзін аяқтады Жасұлан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін