Украинаның шығысында ресейлік сарбаз тұтқынға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинаның шығысында ресейлік сарбаз тұтқынға түсті

Украинаның шығысында ресейлік сарбаз тұтқынға түсті

Ресейлік әскери қызметкер Виктор Агеев Луган облысындағы украин әскеріне тұтқынға түскен. Бұл жөнінде BBC хабарлайды.

  • 28 Маусым 2017
  • 232
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, 24 маусымда Желобок ауданында украин әскері мен өздерін өздері жариялаған Луганск халықтық республикасы (ЛХР) сепаратистері арасында болған қақтығыста Агеев тұтқынға түскен. Агеевтің анасы BBC арнасына ұлының 2017 жылдың наурыз айында келісім-шартқа қол қойып, Ростов облысының Батайск қаласына әскери міндетін өтеуге кеткенін айтады. BBC дереккөзі Агеевті Украинаның қауіпсіздік қызметіне жіберілгенін хабарлаған. Ресей сарбазының құжаттары Украина ақпарат құралдарындажарияланды.

26 маусымда Украина президенті Петр Порошенко Франция президенті Эммануэл Макронмен кездесу кезінде украин аймағында ресейлік әскери қызметкерлердің ұсталғанын айтқан.


Ресей президенті Владимир Путин Донбаста ресейлік әскер жоқ деп бірнеше рет мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар