Ұлдары әкелерінің денесін көтеріп түсуге ерініп балконнан лақтырып жібермек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлдары әкелерінің денесін көтеріп түсуге ерініп балконнан лақтырып жібермек болды

Ұлдары әкелерінің денесін көтеріп түсуге ерініп балконнан лақтырып жібермек болды

Алты қыздан соң Құдайдан сұрап алған ұлы өтірікші, ұрлықшы атанып, жер суға сыймай, әке шешесінің жиған тергенін бытшыт қылған жігітті де білем. 

  • 6 Наурыз 2023
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы oinet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғыз ұлы бар адам кемпірі кеткен соң жалғыз қыздың қолына барып тұрған. Сол аядай екі бөлмеде жатып жан тапсырды сол кісі. Ал джип пен коттедждеріне бастары айналған ұлдары әкелерін жерлеуге келгенде, бесінші этаждан көтеруге ауырсынып, балконнан лақтыра салайық дегенді де көргем. 

Әкесінен қалған бай мұра-кітап, жазу, небір құнды рухани дүниелерді төрт бес ұлы бар атаның заттарын сарайға керексіз етіп шығарып тастаған ұлдарды да білем. Шығарған келіндер. Үндемеген ұлдар. Хан сарайдай үйдің бір бұрышына сыймаған ғой, әттең. 

Қызық пен рахатты ұлдан көресің бе, қыздан ба, бір Алла біледі. 


Так что, шүмек те болсын, етек те болсын. Бөліп жармай, кемсітпей, барымызға риза болайық. Қызы қарамай қойыпты дегенді естімейміз ғой, осы.  Ал ұлдары қарамай қойыпты дегенді жиі естиміз.

Соңғы жаңалықтар