Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы қашан басталатыны және қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы қашан басталатыны және қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы қашан басталатыны және қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы 2018 жылдың алғашқы үш айында басталады деп жоспарланып отыр. 
 

  • 7 Қараша 2017
  • 198
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр тараптардың Үлкен Алматы айналма автожолын салу туралы өзара келісімге келгендерін және келіссөздердің аяқталуға жақын қалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Келісімшарт биыл 5 желтоқсанда жасалады деп жоспарланып отыр. Бірден жұмылдыру жұмыстары басталады. Біз келесі жылдың бірінші кварталында осы аумақта құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз", — деді Қасымбек үкімет отырысында.

Оның айтуынша, келісімшарт жасасу мерзімін жеделдету мақсатында министрлік, консорциум және Еуропа банкінің арасында меморандумға қол қойылды.


Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үлкен Алматы айналма автожолы жобасына қанша қаражат жұмсалатынын айтқан еді. "Үлкен Алматы айналма автожолы жобасының бағасы 1,5 миллиард доллардан асады. Автожол қаладағы көліктердің санын тәулігіне 40-60 мыңға азайтады", — деген еді әкім.

Соңғы жаңалықтар