Үлкен даудан кейін Қызылжардың әуежайы қайта жұмыс істеп жатыр
Қызылжардың әуе қақпасы араға үш ай салып қайта ашылды. Азаматтық авиация комитеті шілде әуежайдың сертификатын кері қайтарып алған еді. Бұған оның шұрқ- тесік ұшу алаңы мен өзге де толып жатқан кемшіліктері себеп болған. Бүгін көп уақыт үзілістен кейінгі алғашқы рейспен Астанадан ұшып келген жалғыз жолаушыны тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы қарсы алды. |
Бұл араға үш ай салып Петропавл халықаралық әуежайына қонған алғашқы ұшақ. Жұрт жаңа рейс туралы әлі естімеген болуы керек, одан жалғыз жолаушы түсті.
Сергей Коцаба, жолаушы:
-Петропавлға жұмыс бабымен келдім. Өзім Астанада тұрамын. Бар болғаны 50 минутта жеттік. Тек Астанада рейстің ұшуын 1 сағатқа кешіктірді. Ұшақ жылы, жайлы болды.
Ал қайтар рейске екі адам ғана билет алыпты. Олар бір сағат кешігіп келген ұшақты мұздай терминалда күтеміз деп тоңып қалған.
Биыл күрделі жөндеуден өтті деген әуежайдың сиқы мынау. Сөйтсек, 4 миллиард теңгеге тек ұшу алаңының екі жарым шақырымы ғана жөнделген екен. Бүгінгі ұшақ сол жолаққа қоныпты. Алдағы жылы оның ұзындығы 300 метрге созылып, ені 60 метрге кеңейтілмек. Оған да тағы миллиардтар жұмсалады. Ал жолаушы терминалына әлі кезек жетпеген.
Бейбіт Исманов, СҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
-Келесі жылға біз жоспарлап жатырмыз. Проектно-сметная документациясы жасалған. Пассажирский терминалды жаңарту керек. Көріп тұрсыздар, апатты. Оған 1 миллиард 400 миллион керек ақша, соны біз ар жаққа жазып, комитет гражданской авиаций қазір балансқа алып, сол терминалды, мүмкін сол қозғалыстар болатын шығар.
Әзірге ұшақтар Петропавлдан Астанаға және Алматыға аптасына үш мәрте қатынайтын болады. Билет құны сәйкесінше14 және 26 мың теңгеден. Бірақ бұл барлық шығынды өтей алмайтындықтан, рейстер республикалық бюджеттен субсидияланбақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін