Ұлтаралық салада шиеленіс туындау мүмкіндігін дер кезінде сезіне алатын тетік қалыптастыру қажет - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлтаралық салада шиеленіс туындау мүмкіндігін дер кезінде сезіне алатын тетік қалыптастыру қажет - ҚР Елбасы

Ұлтаралық салада шиеленіс туындау мүмкіндігін дер кезінде сезіне алатын тетік қалыптастыру қажет - ҚР Елбасы

Елімізде ұлтаралық салада шиеленіс туындау мүмкіндігін дер кезінде сезіне алатын тетік қалыптастыру қажет. Бүгін, 23-желтоқсанда Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 2338
Фото - Caravan.kz

«Бірінші кезекте мұндай тетік еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және оны сақтап қалуға қызмет етуі тиіс»,- деді ол.

Осыған байланысты Қазақстан басшылығы «ұлтаралық қарым-қатынастарды реттейтін заңнамаларды күшейтуге бағытталған ұсыныстарды қарауға дайын»,- деді президент. Елбасы «еліміздегі ахуалды күрделілендіруге бағытталған барлық әрекетке түп-тұқиянына дейін тосқауыл қою қажет» деп атап көрсетті.
Н.Назарбаев осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздегі бірқатар БАҚ-тардың басшылары ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы проблемаларды баспасөз беттерінде жариялау этикасы туралы айрықша маңызды құжатқа қол қойғанын еске сала кетті. «Бұл құжаттың талаптары негізінен орындалуда»,- деді Елбасы. Алайда, содан бері де жүздеген жаңа БАҚ-тар пайда болды, «олардың бәрі бірдей аталмыш құжатқа қол қоймаған болар»,- деді Н.Назарбаев. «Ұлтаралық келісім мәселесі бойынша кейбір БАҚ-тарда жарық көрген әдепті деуге ауыз бармайтын кейбір мақалалар бұған дәлел»,- деді Елбасы.
Мемлекет басшысы ҚР ақпарат министрлігіне Ассамблея кеңесімен бірлесе отырып осы мәселемен айналысуды тапсырды.
Сондай-ақ, президент Ассамблея кеңесіне үкіметтің жанындағы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып Қазақстандағы конфессияаралық қарым-қатынасқа, мемлекет пен діни бірлесіктер арасындағы өзара ықпалдастық саласындағы проблемалар жиынтығына қатысты ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар