Ұлттық банк 240 млн долларға валюталық интервенция жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк 240 млн долларға валюталық интервенция жүргізді

Ұлттық банк 240 млн долларға валюталық интервенция жүргізді

Ұлттық банк теңгені «құтқару» үшін тағы да 240 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді.

  • 14 Қаңтар 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, 7 қаңтардан бастап халыққа арналған негізгі банктік сервистер кезең-кезеңімен қалпына келтірілді. 10 қаңтардан бастап ақша және қор нарықтарындағы операциялар қайта жанданды.

«12 қаңтардан бастап валюта нарығындағы сауда-саттық іске қосылды. Валюта бойынша бір аптаға жуық сауда-саттық болмағандықтан бизнес тарапынан да, халық тарапынан да шетел валютасына сұраныс күрт артқан. Елде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және теңге тым «әлсіреп» кетпес үшін 12 және 13 қаңтарда 240 миллион доллар болатын интервенция жасалды. Бұл жалпы сауда көлемінің 50 пайызы. Жыл басынан 13 қаңтарға дейін шетел валютасына сұраныстың өсуі аясында теңге бағамы 0,5 пайызға әлсіреп, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 433,67 болды», — дейді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар