Ұлттық банк басшысы девальвация туралы түнде естігенін, экономика және қаржы министрлері барлық қазақстандықтармен бірге естігенін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк басшысы девальвация туралы түнде естігенін, экономика және қаржы министрлері барлық қазақстандықтармен бірге естігенін айтады

Ұлттық банк басшысы девальвация туралы түнде естігенін, экономика және қаржы министрлері барлық қазақстандықтармен бірге естігенін айтады

Ұлттық банк басшысы бүгін теңге девальвацияланатыны туралы орталық банктен мәлімет сыртқа шығып кетпегенін айтады.

  • 11 Ақпан 2014
  • 1049
Фото - Caravan.kz

«Өз басым бұл туралы түнде білдім. Бүгін таңертең сіздерге (журналистерге) құлағдар етуі тиіс қызметкерлеріміз білді. Ұлттық банктен еш ақпарат сыртқа шықпады», — деп ол бүгін Алматыда қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев теңге деальвациясы туралы бүгін таңертең естігенін айтады.

«Шын мәнісінде бүгін таңертең үкімет отырысы болды, отырыс соңында қор биржасындағы сауда-саттық ресми түрде аяқталды, біз интерне арқылы тиісті мәлімет алдық, онда сауда-саттық қорытындысы бойынша қандай бағам қалыптасқаны айтылған», деп ол бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.