Жарияланды: 380

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 7,5% деңгейінде бекітті

ҚР Ұлттық банкі 1 шілдеде қайта қаржыландырудың ресми ставкасын жылдық 7,5% деңгейінде бекітті, деп Ұлттық банк баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қаржылық нарықтағы беталыстар мен жылдық инфляцияның деңгейінің динамикасын ескере отырып, Ұлттық банк 1 шілдеден бастап қайта қаржыландырудың ресми ставкасын жылдық 7,5% деңгейінде бекітті», - делінген сейсенбі күні Ұлттық банк таратқан ақпараттық баянында. Бұрын хабарланғандай, қайта қаржыландырудың жылдық 7,5% мөлшерлемесін Ұлттық банк 2011 жылы наурызда бекіткен. Бұрын ол бір жылдан астам 7% деңгейінде сақталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін