Ұлттық банк: Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы - 185 теңге -/+3 көлемінде болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк: Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы - 185 теңге -/+3 көлемінде болады

Ұлттық банк: Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы - 185 теңге -/+3 көлемінде болады

2014 жылы 11 ақпаннан бастап  ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

  • 11 Ақпан 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді. Айырбас бағамының күрт жоғарылауын деңгейлестіру саясаты ары қарай жүргізіледі. Теңге курсының ұзақмерзімдік тренді, Ұлттық Банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша мынадай дәлізді енгізеді:
                -АҚШ долларына — 2 теңге;
                -Еуроға — 3 теңге.
«Айырбастау пунктері шетел валюталарына банктер тарапынан да, Ұлттық банк тарапынан да жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі. Өңірлерде орналасқан екінші деңгейлі банктерінің филиалдарында шетел валюталарының жеткілікті қоры сақталған», делінеді хабарламада.

Ұлттық банктің хабарлауынша, теңгенің девальвациясы ұлттық валютаның сыртқы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, ҚР экономикасының сыртқы тауарайналым тепе-теңдігін сақтауға және отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды».