Ұлттық банк төрағасы: мұнай бағасының құбылуынан қорқудың қажеті жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк төрағасы: мұнай бағасының құбылуынан қорқудың қажеті жоқ

Ұлттық банк төрағасы: мұнай бағасының құбылуынан қорқудың қажеті жоқ

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күн сайын құбылуынан Қазақстан экономикасына әзірге қауіп төніп тұрған жоқ.

  • 13 Мамыр 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Мұнай бағасы – болжап болмайтын мәселе. Соңғы он жылда оның 40 долларға дейін төмендегенін де, 150 долларға дейін көтерілгенін де көрдік. (…) Біз әзірге мұнай бағасында үлкен секіріс болады деп ойламаймыз», — деді ол сейсенбідегі брифингте.

«Мұнай бағасы айтарлықтай өзгеріске ұшырайтын болса экономикалық саясатымыз да соған қарап түзетіледі. Бірақ, әзірге ондай қауіп жоқ», — деп қосты Қ.Келімбетов.


Оның айтуынша, Қазақстанды Ресейге қарсы санкциялардың күшейтілу мүмкіндігі алаңдатып отыр.