Ұлттық бірыңғай тестілеу келесі жылы өзгеріске ұшырауы мүмкін
![]() |
Ұлттық бірыңғай тестілеу келесі жылы өзгеріске ұшырауы ықтимал. Бүгін Астанада мемлекеттік тілді оқыту үдерісіндегі лингводидактикалық тестілеудің орны мен маңызы талқыланған республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. |
Онда Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Әбдіхалықов Ұлттық бірыңғай тестілеуге артылған мақсаттар өте көп екендігін айтты.
«Бір ғана іс-шараға (ҰБТ-ға) бірнеше міндеттерді артып қойған. Бірінші - орта білім туралы аттестатты алу, екінші - жоғары оқу орындарына грант негізінде түсу, үшінші - ЖОО-ларға коммерциялық негізде түсу. Қазір осы шараны бірнеше бөліктерге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Келесі жылы сол өзгерістердің куәсі болуларыңыз мүмкін», - деді ол.
А.Әбдіхалықовтың айтуынша, 2012 жылдан бастап ҰБТ екі мақсатта өткізіледі. Алғашқысы, орта білім туралы аттестация алу үшін мектеп қабырғасында ғана өткізілетін тестілер, екіншісі ЖОО-ға түсу үшін ЖОО-ларда өткізілетін тестілік емтихандар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін