Жарияланды: 40

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

Ұлттық халық санағынан 8,4 млн азамат өтті

Қазақстанда бүгінге дейін санақтан онлайн өткендер саны – 7 045 196 адам, оффлайн қатысқандар – 1 445 204 адамды құрайды.

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық халық санағы басталған алғашқы екі аптада (1-15 қыркүйек аралығы) онлайн сауалнамаға> 3 млн қазақстандық қатысса, 11 қазан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, көрсеткіш 7 045 196> респондентті құрады. Олардың 6 040 911-і sanaq.gov.kz сайтында, 700 972 адам Egov порталында тіркелу арқылы, 303 313 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы> алда. Мұнда 913 074 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен 746 343 адам Алматы облысында> тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы> түйіндеді. Мұнда 707 384 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Онлайн санақтан өту көрсеткіші бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары> тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215464 және 165749 адам сауалнамаға қатысты.

Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы> алда келеді. Мұнда азаматтардың 52% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы> екінші орында тұр. Мұнда тұрғындардың 51,1% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген).

Еске салайық, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді жаппай аралауды бастаған еді. 10 күннің қорытындысы бойынша офлайн санақпен> еліміздің 1 445 204 тұрғыны қамтылған.

Айта кетейік, онлайн санақтан қазанның 15-іне дейін өтуге мүмкіндік бар. Онлайн санақтан тек үйде ғана емес, ел бойынша ашылған 3 мыңнан аса «санақ бұрыштарында» өтуге болады. Олар Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» филиалдары мен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан.

Онлайн санақтан өтпегендер 30 қазанға дейін интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 телефон номеріне хабарласуға болады. Қоңырау шалу – тегін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін