Жарияланды: 510

Ұлттық компаниялардың жетекшілері өз қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөнінде есеп берді

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметте өткен кеңес барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ұлттық компаниялардың жетекшілерінің президенттің тапсырмасымен ұлттық компаниялардың қызметкерлері үшін Астанада пәтер сатып алу жайы жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Самұрық" АҚ басқармаларының төрағасы Қанат Бозымбаевтың айтуынша, "бұрын қабылданған шешімдерге сәйкес "Самұрық" холдингінің құрамындағы үш компания - "ҚазМұнайГаз", "Қазақтелеком" мен "Қазақстан темір жолы" 732 пәтер сатып алмақ болған". "Біз тағы да 188 пәтер сатып алу мүмкіндігін қарастырдық. Сөйтіп, жалпы пәтерлердің саны 732 емес, 920 болмақ", - деді ол. Өз кезегінде "Қазына" ТДҚ АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекеновтың хабарлағанындай, "бірінші кезеңде 70 пәтер сатып алу жоспарланса, қазір бұдан екі есе артық пәтер сатып ала алады". "Бүгін өтетін директорлар кеңесінде әрбір үміткерді іріктеу шарттарының ережесін бекітеміз және сосын оларды сатып алуға кірісе аламыз", - деді Қ. Әйтекенов. "ҚазАгро" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, бастапқыда 108 пәтер сатып алу жоспарланған. "Қазір біз несие беру тетігі арқылы қаржыландыру және ссуда беру арқылы Астанада әрбір шаршы метріне 1500 АҚШ долларымен 200 пәтер алу жұмысын жүргізіп жатырмыз", - деді Ә. Смайылов. Бұл мақсатқа оның айтуынша, 2 млрд теңге жұмсалады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть