Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
—Мысалы, жоғары мемлекеттік наградалар алғандар. Мысалы, атақты жазушылар, мен ғалымдар. Немесе ауыл шаруашылығында жоғарғы дәреже көрсеткен. Немесебіздің Таразда бір керемет сержант бар ғой, өртеніп жатқан үйден 5 баланы құтқарып алған. Сондай халыққа еңбегі сіңген азаматтар. Ақшасы бар адам жерленеді деген әңгіме бос сөз.
Шенді-шекпенділерге арналған мазарда Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің жанынан тұрғызылып жатыр. Әзірге мұнда бұрынғы Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, ақын Фариза Оңғарсынова мен Саяхат Қонақаевтың денесі жатыр. Элиталық зираттың тұжырымдамасы дайын болған кезде, оның ережесі жалпақ жұртқа жария етілмек. Белгілісі ұлттық пантеонда қатардағы адамдарға жоқ. Қорым құрылысына Үкіметтен бюджеттен 1 миллиард теңге бөліп қойды. Ал Мәдениет министрі Ұлттық пантеон ғана емес, атақты Диснейлендтің үлгісінде ойын сауық кешенін салуға ұмтылып отыр. Бір қызығы Диснейленд салуды тездету керек деген Арыстанбек Мұхамедиұлы латын әліпбиіне көшуге асықпайды. Мәдениет министрінің айтуынша, латынға көшу алдағы 10 жылсыз шешілмейтін шаруа.