Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі тасымалының жолын кесуге қатысты іс-шаралар жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі тасымалының жолын кесуге қатысты іс-шаралар жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі тасымалының жолын кесуге қатысты іс-шаралар жүргізді

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Астана - есірткісіз қала" атты аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аясында халықаралық есірткі тасымалының жолын кесуге қатысты екі ауқымды іс-шара жүргізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қазан 2007
  • 542
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ташкент — Шымкент тас жолында осы оңтүстік наркотрафиктің негізгі ұйымдастырушыларының бірі — Қазақстанның азаматы ұсталған. Оның жеңіл көлігін тексеру барысында 10 кг астам жоғары сапалы героин табылған.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардан шыға берісте Шымкент — Павлодар бағыты бойынша бет алған «КамАЗ» жүк көлігі ұсталған, оның артқан ауылшаруашылық өнімдерінің астынан 23 кг жуық героин табылып, Қазақстанның үш азаматы, Тәжікстанның екі азаматы құрықталған. Аталмын дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Астана — есірткісіз қала» атты аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аясында астанада және оған іргелес жатқан облыстарда заңсыз айналымнан 149 кг есірткі заттары тәркіленген, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті