Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді - Назарбаев (толықтырылған нұсқасы)
Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру үшін $10 млрд бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Үкімет бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелеріне назар шоғырланлыруға тиіс. Бірінші кезектегі шараларды қаржымен қамтамасыз ету үшін үкіметке Ұлттық қор қаржысынан 2009 - 2010 жылдарда $10 млрд бөлінеді ", - деді Н. Назарбаев.
"Осыған байланысты мен үкіметке экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында стандарттан тыс шешімдер қабылдауға мұрсат беремін", - деді ол.
"Бірақ осындай мүмкіндіктермен бірге үкімет пен Ұлттық банкке экономика, қаржылық жүйе мен әлеуметтік саланың ахуалына қатысты дербес жауапкершілік жүктеледі", -деді президент.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың қаржысы "жай ғана емес, дәйектеліп келісілген тұрақтандыру бағдарламасына бөлінеді". "Біз қаржыны қайда бағыттап жатқанымызды білгенде ғана оны бөлетін боламыз", - деді мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық қор 2000 жылы құрылған. 2008 жылдың 1 шілдесінде Ұлттық ор есепштында 3 трлн 198 млрд теңге ( $26 млрд) жиналды. Бұл қаржыны Ұлттық банк шетелдік активтерге айналдыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін