Ұлттық ұлан Денис Теннің марапатын әкесіне табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық ұлан Денис Теннің марапатын әкесіне табыстады

Ұлттық ұлан Денис Теннің марапатын әкесіне табыстады

Денис Тен Қазақстан Республикасы ІІМ басшысы полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапатталды.

  • 11 Қараша 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Алматыда марапатты мәнерлеп сырғанаушының әкесіне Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов табыс етті, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Ол мәңгілікке біздің жүрегімізде қалады…» атты тақырыптық кеш «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болып өтті. Оған өңірлік қолбасшылықтың басшылығы, ардагерлері, жеке құрамы, Денистің әкесі Юрий Тен, биатлон бойынша қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері запастағы капитан Елена Хрусталева, семсерлесуден 2018 жылдың Азия ойындарының жеңімпазы ефрейтор Дмитрий Алексанин және тағы басқалар қатысты.

"Ол бұл жерде жас жауынгер курсынан өтті. Ант қабылдады, жиі-жиі спорттық шараларға келетін. Жедел әскери қызметтен кейін, келісімшарт бойынша қызметті жалғастырғысы келді. Болашағынан үміт күттірер спортшы және біздің әскери қызметшінің Ұлттық ұланның штаттық спорттық команда құрамына кіруі заңды еді", — деп Денис Тен туралы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов өз естелігімен бөлісті.

Жауынгерлік және қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, қоғамдық тәртіпті күзетуге белсенді қатысқаны, сондай-ақ, эстремалды жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін лейтенант Денис Тен қайтыс болғаннан кейін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Марапатты мәнерлеп сырғанаушының әкесіне генерал-майор Мұхаметқали Сатов тапсырып, Денис ұландықтардың жадында мәңгілікке қалатынын және оның үлгісінде жас Отан қорғаушылар тәрбиеленетіні туралы айтып өтті.

"Денис әрқашан спортпен шұғылданды, оның басқа нәрсеге алаңдайтыны байқалмады. Әр кезде жаттығулар, жаздың өзінде тыным алмайтын, бір маусымнан келесі маусымға дайындық үстінде болатын. Ол әскери қызметшілермен кездесуге уақыт табатын. Өкінішке орай, тек оның ажалы ғана халықтың оған деген махаббатының соншалықты үлкен екенін көрсетті", — деген Юрий Тен Ұлттық ұлан басшылығына қолдау үшін алғысын айтты.


2011 — 2012 жылдары Денис жедел әскери қызметін Алматы қаласы 7552 әскери бөлімінде атқарды. Ол әскери қызметті келісімшарт негізінде Ұлттық ұланның штаттық спорттық команда құрамында жалғастыру ұсынысын үлкен ыждаһаттылықпен қабылдады.

Бастапқыда ол дене даярлығы бойынша аға нұсқаушы лауазымында болып, «кіші сержант» әскери шеніне дейін көтерілді. Кейін Сочиде Қазақстанға қола медальді ұтып алғанда Денистің офицер болатынына ешкім шүбә келтірген жоқ.

Денис сондай-ақ, қазақтандықтардың жас буыны үшін еңбекқорлық пен жігерліліктің үлгісі ретінде әскери қызметшілердің әскери-патриоттық тәрбиесіне де белсенді қатысты.

Еске түсіріп өтсек, жақын күндері әйгілі фигуристі еске алуға байланысты оның туған қаласы Алматыда бірнеше шара болып өтті. Бұл Денис Тен туып-өскен үйде мемориалды тақтаның ашылуы, «Halyk Arena» спорт кешенінде Денис Тен қоры кесенесінің тұсаукесері.

Аталмыш фонд Денис Тенге арнап Астанадағы «MegaSilkWay» сауда орталығында фотокөрме ұйымдастырады. Оның ашылуы 10 қараша сағат 17.00-де 2 қабатта өтіп, 10 күн бойы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар