"Ұлым кінәлі, ол осы әрекеті үшін қатты өкінеді": Бишімбаевтың анасы ұлына рақымшылық жасауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлым кінәлі, ол осы әрекеті үшін қатты өкінеді": Бишімбаевтың анасы ұлына рақымшылық жасауды сұрады

"Ұлым кінәлі, ол осы әрекеті үшін қатты өкінеді": Бишімбаевтың анасы ұлына рақымшылық жасауды сұрады

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грейске берген сұхбаты шықты.

  • 29 Сәуiр
  • 21
Фото: видеодан алынған

Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева ұлын «ана ретінде қолынан келгенше қорғап жүргенін» айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ұлым кінәлі, ол осы әрекеті үшін қатты өкінеді. Алайда мен оған рақымшылық жасауын өтінемін. Ең алдымен судьядан, алқабилерден оның қылмысына сәйкес жаза беруін сұраймын. Қоғам бұл оқиғаны жан-жақты қиындатып жатыр. Ұлыма оңай емес, үсті-үстіне жабылып жатқаны одан да қатты ушықтырып жіберді. Оның бұрын шенеунік болғанын алға тартып, неше түрлі сындар айтылып жатыр. Мүмкін оның тегі де әсерін беріп жатқан шығар. Барлығы біздің кім екенімізді біледі. Дегенмен, менің ұлым әрдайым жауапкершілігі мол адам болған. Әсіресе, саясатқа келгенде ол өзін адал, әділетті қызметкер ретінде көрсетті.

Әрине, бұл өте ауыр трагедия. Салтанатты ата-анасын түсінемін. Үйімізде үлкен трагедия. Әлеуметтік желіде негатив материал көп. Бірақ жақсы адамдар да көп. Жағалауда жүрген кезімде шамамен 40 жастағы әйел келіп, «апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасысыз ғой? Бекем болыңыз, біз сізді түсінеміз, сізді қолдаймыз» деді. 

Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтуі мүмкін. Бірақ мұндай нәрсені ешкімге тілемеймін. Ұлымды өте қатты жақсы көремін, ұлымызбен мақтанамыз. Бірақ осындай жағдай болып қалды. Неге бұлай болғанын әкесі екеуіміз де түсіне алмадық. Ол қатал адам болған емес. Бала күнінен өзіне жауапкершілікті ала білетін адам болған. Үнемі бізге қамқор болатын. Үш жыл бұрын әкесі қатты ауырып қалған кезде дәрігер тауып, емдетті. Үнемі бізге алаңдап жүреді», — дейді Альмира Бишімбаева.

Соңғы жаңалықтар