Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды

Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Үндістанның солтүстік аймағынан полицейлер әлі күнге дейін еңбектейтін 8 жасар қыз тауып алды. Ол ад?

  • 7 Сәуiр 2017
  • 1684
Фото - Caravan.kz

Үндістанның солтүстік аймағынан полицейлер әлі күнге дейін еңбектейтін 8 жасар қыз тауып алды. Ол адамдармен тілдесе алмайды. Ал жан-жануарлармен түсінісу үшін әртүрлі дауыс шығарады. Бір қарағанда Редьярд Киплингтің әйгілі туындысының кейіпкеріне ұқсайды. Тіпті, жұрт оны «Маугли» деп атап кеткен екен.

3F00CCD300000578-4386060-image-a-27_1491480620934

Ғалымдар мен жергілікті билік оның қайдан келгенін әлі күнге дейін анықтап жатыр. Оны ең бірінші орман ағаш кесушілері байқап қалған екен. Артынша инспектор Суреш Ядав оны көлігімен қалаға алып келген.

3F00281300000578-4386060-An_eight_year_old_girl_pictured_has_been_found_living_with_monke-m-42_1491472953777

«Соңғы екі айдан бері қыз ауруханада жатыр. Ол ауруханада жануарлар секілді қозғалып, тамақты қолдың көмегінсіз жеді. Ем-дом шараларынан кейін орнынан тұрып, адам секілді жүре бастады. Өкінішке орай, әлі сөйлей алмайды. Бірақ айтқандарыңызды түсініп, күлімсірейді», – дейді бас дәрігер Сингх мырза.


3F00280600000578-4386060-image-a-56_1491473422043

Ал полицей Динеш Трипэти қыздың орманда тыржалаңаш жүргенін айтты. Орманда ағаш кесушілер бастапқыда қызды маймылдардан құтқармақ болған екен. Алайда маймылдар оларға шабуыл жасап, қызды алып қалған.

«Ол бізді көрген кезде қатты қорқып қалды. Тіпті, сөйлеп, айтқандарымызды дұрыс ести алмады. Оны үш маймыл қоршап алған екен. Денесі сырылып, қансырап тұрды. Отбасы оны осы орманға ертеректе тастап кеткен сияқты. Өзінің аш екені байқалды. Біз тамақ пен су бердік. Оны құтқармағанымызда басқа жануарларға жем болатын еді», – дейді инспектор Рам Автэр Сингх.

Бүгінде қыздың жағдайы жақсарып келеді. Адамдарға да үйреніп қалған-ды.

Соңғы жаңалықтар