Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан  кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

Бішкек. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында көлік, туризм саласында, тау-кен, қайта өңдеу өндірісінде инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Ақпан 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев биылғы жылдың 5 ақпанында Делиде сауда-өндіріс палатасында Үндістанның іскертоптары қоғамымен кеңейтілген жиын өткізіп, онда Қырғызстан мен Үндістан арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың тиімді салалары талқыланды «, -деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстан Республикасының министрі Үндісатанға үш күндік ресми сапармен барды.

Бүгін Э. Қарабаев сондай-ақ, Махатма Гандидің мемориалдық кешеніне ресми түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті