Үндiстан премьер-министрi Твиттерге қазақша жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндiстан премьер-министрi Твиттерге қазақша жазды

Үндiстан премьер-министрi Твиттерге қазақша жазды

Қазақстанға мемлекеттiк iс-сапармен келген Үндiстан премьер-министрi Нарендра Моди Твиттерде қазақша жазды.

  • 8 Шiлде 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бiрiншi Твиттi ол Астанаға қонған кезде бiрден жазған.  

«Үндістанның Орталық Азиядағы сенімді досы — Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын», — деп жазды ол. 

Екiншi твитте ол Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмовпен бiрге түскен фотосурет салған болатын.

Нарендра Моди онда: «Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, ыстық ықыласпен қарсы алғаныңызға алғысымды білдіремін», — деген жазу қалдырған.

Айта кетейiк, оның оқырмандары 13,5 миллионға жетiп отыр.


Кеше Астанада Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен елімізге ресми сапармен келген Үндiстанның Үкiмет басшысы Нарендра Модидiң қатысуымен Қазақстан-Үндiстан бизнес-форумы өтті.
Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Үндiстанның сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарының жол картасы жасалды. Оған жалпы 30-ға тарта бiрлескен жоба енiп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Үндiстан кәсiпкерлерi мен iрi компаниялары арасында 12 келiсiмшартқа қол қойылды.