Үндістан тұрғыны 30 минуттың ішінде бес қыз тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан тұрғыны 30 минуттың ішінде бес қыз тапты

Үндістан тұрғыны 30 минуттың ішінде бес қыз тапты

Үндістанның шығысында дәрігерлер тобы 25 жастағы Манита Сингх есімді әйелді босандырды. Амбикапур қаласында тұратын жүкті жас әйелдің кенеттен іші қатты ауырған.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 520
Фото - Caravan.kz

Манита мерзімінен бұрын, жүктіліктің небәрі 26-шы аптасында толғатқан.

Әйел дереу ауруханаға жеткізіліп, біршама уақыттан кейін дүниеге қыз бала, одан кейін тағы төрт қызды әкелді. Нәрестелердің әрқайсысының салмағы шамамен 1,5 келідей болған. Әйел бес баласын небәрі 30 минуттың ішінде босанды.

Қазіргі кезде балалар ауруханада жатыр, олардың денсаулығы жақсы, дәрігерлер жағдайын қадағалап, барлығының аман қалуы үшін бар күшін салып отыр, деп хабарлады informing.ru.