Жарияланды: 430

Үндістанда 50 мас піл елді мекенді ойрандады

50 орасан үлкен жануар алкогольді сусын іздеп, жергілікті тұрғындардың үйлерін қиратты, деп хабарлады Интерновости.ру.

Үндістандағы Думуркота елді мекені 500 литрге жуық алкоголь ішіп масайған пілдердің шабуылына тап болды. Пілдер табыны тамақ іздеп, елді мекеннің маңндағы күріш және шай плантацияларында жайылып жүрді. Алайда оларды жақын маңдағы дүкеннен шыққан жергілікті алкогольді сусын иісі өзіне тартты. Иіске еліткен пілдер дүкеннің быт-шытын шығарып, 18 бөшке қолдан ашытылған спиртті ішіп қойды. Спирттің қызуы бойына жайылған мас пілдер естерінен танып, деревняның тас-талқанын шығарды: үш үйді ойрандады, егістік алқаптарын жайпады. Оларды тоқтатуға полиция күштері шақырылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пілдердің жайылатын өрісінің жолы деревня маңынан өтетін. Ашыққан жануарларды алкоголь иісі қызықтырған. Полицейлер оларды саумалап, әрең дегенде табынға қосты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін