Жарияланды: 380

Үндістанда автобус шатқалдан құлап, он адам қаза тапты

Үндістанда автобус шатқалдан құлап, он адам қаза тапты

Үндістанда Мизорам штатының оңтүстігінде автобус шатқалдан құлап кетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. 

Оқиға сенбі күні кешке болған. Жекеменшік автобус Айджал қаласына бет алған. Апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 9 адам жараланды. Зардап шеккен үш адамның халі ауыр жағдайда.

Зардап шеккендерге бірінші болып таяу жердегі ауыл тұрғындары көмекке келген. Полицияның айтуынша, жүргізуші рульді мас күйінде басқарған. Ал, куәгерлер автобустың қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып жүк көлігімен соқтығысқанын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін