Үндістанда автобустың поезбен соқтығысуы салдарынан 30-дан аса адам қаза болды
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында автобустың жолаушылар поезымен соқтығысуы салдарынан кем дегенде 33 адам қаза болды, деп хабарлады британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы. |
Апат Делиден оңтүстікке қарай 250 км жерде Патияли қаласында реттелмеген теміржол айырымында болған.
Тойдан қайтқан 100 адамды әкеле жатқан автобус жол үстінде поезд жақындап қалған кезде тұрып қалған.
Қаза болғандардың бәрі автобустың жолаушылары. Поездың жолаушыларынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін