Үндістандағы Керала штатының полициясы жексенбіде өртке оранған Путтингал ғибадатханасының алты қызметкерін қамауға алды. Олардың арасында ғибадатхана төрағасы да бар. Бұған дейін жергілікті полиция ондағы басшылардан бастап мерекелік шоуды ұйымдастырғандарды және өзге де жұмысшыларды абайсызда адам өлтірді деп айыптап, қылмыстық іс қозғаған болатын. Олардың барлығы 50 адам екен. Айта кетейік, жексебі күні Керала штатындағы Путтингал ғибадатханасы отқа оранып, 109 адам ажал құшты. Тағы 300-ден астамы жараланған. Алдын ала болжам бойынша өрттің тұтануына мерекелік шара кезінде атылған отшашу себеп болған.