Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты

Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік бөлігіндегі бірнеше штатта кешке құмды дауыл соқты. Соның салдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті.

  • 3 Мамыр 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі m.vesti.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Уттар-Прадеш және Раджастан штаттарында дауыл соғып, найзағай ойнап, жауын жауды. Соның салдарынан бірнеше тұрғын үй құлады. Құмды дауыл ағаштар мен электр бағандарын түбімен қопарып әкетіп, көптеген аудандарда жарық өшіп қалды», — делінген хабарламада.

Штаттың бас министрі Васундхара Радже дауыл салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетілетіні туралы айтты.

«Жақында құмды дауыл астаналық округ Делиде де тіркелген, бірақ ол жақта бүгінгідей қайғылы оқиғалар болмаған. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты Делиге ұшып бара жатқан 15 ұшақ басқа әуежайларға қонды», — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?

"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды

Соңғы жаңалықтар