"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды

"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды

Қазақстан Республикасы ІІМ "Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервисті ашты.

  • 3 Мамыр 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.   

Ішкі істер министрлігінің ведомстволық порталында Ұлы Жеңіс күні қарсаңында "Ұлы Отан соғының әскери тұтқындары" атты сервис ашылды. Оған Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен бұрынғы әскери тұтқындар және Германиядан қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтары туралы ақпарат орналастырылған.

Сонымен қатар "Ұлы Отан Соғысының әскери тұтқындары" базасына соғыс кезінде тұтқынға түскен кеңес солдаттарының фильтрациялық істерінен және трофейлік карточкаларынан алынған мәліметтер қосылған. Сондай-ақ аталған базаға Екінші дүниежүзілік соғыстың 60 мыңнан аса әскери тұтқынына қатысты ақпарат қосылған, олардың басым бөлігі неміс тұтқынында қайтыс болған.

"Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" сервисіне әскери тұтқындар туралы мынадай деректер қосылған, атап айтқанда, олардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, туған жері (республика, облыс, қала, ауыл), соғысқа дейін тұрған жері, жұмыс орны және лауазымы, әскери атағы, қашан және қайдан шақырылды, әскери бөлімнің атауы және лауазымы, тұтқынға алу уақыты мен жері, тұтқында болған жері, мұрағаттық іс нөмірі.

Әскери тұтқындар туралы мәлімет алу тұтқында қайтыс болғандардың туысқандарына үшін маңызды ақпарат болып табылады. Сонымен қатар мұндай тарихи деректер Ұлы Отан соғысы тарихының ақ парақтарын толықтыру үшін тарихшыларға, өлкетанушыларға, журналистерге қажет.


ІІМ порталындағы "Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" сервисі біздің республиканың ғана емес, сондай-ақ таяу және алыс шетелдің азаматтары үшін ізденіс алады деген үміттеміз.

Цифрланған әскери тұтқындар деректер базасын құру, оны жариялау тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі игі іс болып табылады.

Ұқсас тақырыптар:

1 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері ТМД елдеріне тегін қатынай алады

Сапарбаев 9 мамырда ардагерлерге төленетін сыйақының біркелкі болмауына наразы