Үндістанда су тасқыны 220-дан астам адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда су тасқыны 220-дан астам адамның өмірін қиды

Үндістанда су тасқыны 220-дан астам адамның өмірін қиды

Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны 220 адамнан асты, деп хабарлады РИА Новости елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

  • 5 Тамыз 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын 180-нен астам адамның қазаға ұшырағаны хабарланған болатын.

Бірден бес штатты қамтыған нөсер жаңбыр Үндістанның шығысы мен батысында су тасқынына әкеп соқты. Батыс Бенгалия, Манипур, Раджастан, Гуджарат және Одиша штаттарындағы құтқару операцияларына құтқарушылармен қатар, армия бөлімшелері мен әскери авиация жұмылдырылды.

Өткен жылғы Үндістан мен Пәкістанның солтүстік аудандарындағы су тасқыны салдарынан 440-тан астам адам құрбан болған еді.