Уоррен Баффет әлемдегі ең бай екінші адам болды, деп хабарлады MarketWatch.
Өткен аптаның нәтижелеріне қарағанда, У.Баффетте 73,7 млрд доллар,ол мексикалық телекоммуникациялық магнат Карлос Слимнен шамамен 300 млн долларға бай. Миллиардерлер тізімінде олардың алдында тек Microsoft негізін салушы Билл Гейтс.
Жылдың басынан бері Berkshire акциялары 27% артты, сол У.Баффет байлығының артуына себеп болды. Соңғы кезде қор қосып алу жағынан біршама белсенді болып отыр, қараша айында Berkshire Procter & Gamble келісті, онда 4,7 млрд долларға Duracell батареялы брендін сатып алу туралы мәміле жасалды, қазан айында АҚШ-тағы ірі автодилерлік желі, яғни рынокта сатумен айналыспайтын Van Tuyl Group алынды.
Сондай-ақ қор жылдам тамақтану мейрамханалары желісі Burger King пен канадалық Tim Hortons Inc кофеханалар желісін қосуға қаржы бөле алады.