ҰҚК: қылмыстық топ мүшелері Бурабайдағы бизнеске бақылау орнатуға тырысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК: қылмыстық топ мүшелері Бурабайдағы бизнеске бақылау орнатуға тырысқан

ҰҚК: қылмыстық топ мүшелері Бурабайдағы бизнеске бақылау орнатуға тырысқан

Олардан атыс қарулары тәркіленді.

  • 12 Наурыз 2024
  • 14
Фото: Caravan.kz

ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады.

«Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «вор в законе» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан», — делінген хабарламада.

 

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

 

«Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды