Жарияланды: 410

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 6,5 кило героин тәркіледі

ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымда жүрген ірі көлемдегі героин партиясын тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы "Шақпақ" шекаралық бекетінде шұғыл мәліметтер бойынша ірі көлемде есірткі партиясы тасымалданады делінген "Ауди-100" автокөлігін департамент қызметкерлері тоқтатты. Автокөлікке жүргізілген тінту кезінде көлік ішіндегі төсеніш астынан 6,5 кило героин салынған 7 дорба шықты. Сараптама қорытындысы дорбалардағы заттың героин екенін дәлелдеді. Есірткі әкеле жатқан екі адам да Қазақстан азаматтары, Алматы тұрғындары. Тергеу қазір есірткінің тасымалдану жолдарын анықтау үстінде. Жыл басынан бері ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 31 кило есірткі заттарын тәркіледі, олардың 27 килосы героин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін