ҰҚШҰ елдері өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясының күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын келісті
Алматы. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ҰҚШҰ елдерінің өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясының күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымдарын келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"БҰҰ Бас ассамблеясының ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде ашылатын сессиясында талқыланатын басты мәселелер бойынша дәйекті пікір алмасу барысында халықаралық істерде көпжақты негізді нығайту, қауіп-қатерлерге лайықты жауап табудағы БҰҰ ролін көтеру, БҰҰ-ын реформалау мәселелеріне басты назар аударылды", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін