Жарияланды: 550

ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ еңбеккер-мигранттар туралы мемлекетаралық мәліметтер банкін құрады

Бішкек. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ елдері Қырғызстанда өткен бірлескен отырыста еңбеккер-мигранттар туралы мемлекетаралық мәліметтер банкін құруға келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, мұндай шешім Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары жетекшілерінің үйлестіру кеңесі мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен отырысында қабылданды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін