ҰҚШҰ жақында қазіргі қатерлердің барлық түрлеріне қарсы әрекет ете алатын әмбебап ұйымға айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚШҰ жақында қазіргі қатерлердің барлық түрлеріне қарсы әрекет ете алатын әмбебап ұйымға айналады

ҰҚШҰ жақында қазіргі қатерлердің барлық түрлеріне қарсы әрекет ете алатын әмбебап ұйымға айналады

Бішкек. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҰҚШҰ жақында қазіргі қатерлердің барлық түрлеріне қарсы әрекет ете алатын әмбебап ұйымға айналады. Бұл туралы сейсенбі күні Бішкекте Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездесуі кезінде ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Маусым 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарланғандай, Н. Бордюжа ҰҚШҰ-да төрағалық етуші мемлекет ретінде Қырғызстан президентін ұйым өзінің әскери-саяси бағытын сақтай отырып, қызмет аясын кеңейтетіні және атап айтқанда, халықаралық лаңкестік, есірткі тасымалы және заңсыз көші-қонмен күреспен, сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындағанда шұғыл әрекет ету, ҰҚШҰ елдерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты басқа да өзекті мәселелерді шешуде күш-жігерін жұмылдыратыны жөнінде ақпарат ұсынды. Жақын перспективада өзіндік әскери бітімдік, терроризмге қарсы күштерді қалыптастыру тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті