Ал ауруханаға жеткізілгендердің төртеуінің жағдайы аса ауыр. Жойқын жарылыс вокзал мен аялдаманың арасында болған. Айта кетейік, бұл лаңкестік әрекет Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Шыңжаңға сапары кезінде орын алды. Билік лаңкестік шабуылды әдеттегідей ұйғыр сепаратистерінің әрекеті деп отыр. Шыңжаңда тәуелсіз ел құруды талап еткен «Шығыс Түркістан» ұйымы бұған дейін де талай жарылыстарды өз мойнына алған. Ал жарылыс болған Үрімші вокзалында қатынас қайта жанданды.