«Үрлітөбе» шекара бекетіндегі төбелеске қатысты қамалған 4 шекарашы босатылды
|
Павлодар облысының «Үрлітөбе» шекара бекетіндегі төбелеске қатысты қамалған 4 шекарашы босатылды. Қазір уақытша тергеу абақтысында жанжалға себепкер болған «парақор-әскери» ғана қалды.
Естеріңізге салсақ, осыдан үш апта бұрын қазақ-ресей шекарасында әскерилер мен қаржы полицейлері жаға жыртысқан-ды. 32 шекарашы «парақор» әріптесін құрықтауға келген заң өкілдерін таяқтың астына алып, арты қып-қызыл төбелеске ұласқан. Осы оқиға бойынша, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен шекара бекеті бастығының міндетін атқарушы Нұржан Мұратов пен тағы 3 шекарашы темір торға тоғытылған еді. Бүгін белгілі болғандай, пара алған шекарашыдан басқасы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен түгел қамаудан босатылыпты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін