Ұрлықтан көз ашпаған тұрғындар Ішкі істер министрінен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұрлықтан көз ашпаған тұрғындар Ішкі істер министрінен көмек сұрады

Ұрлықтан көз ашпаған тұрғындар Ішкі істер министрінен көмек сұрады

Көз алдындағы ұрыны құрықтауға қауқарсыз! Ұры-қарыдан әбден ығыры шыққан Алматы іргесіндегі Жамбыл ауылының жұрты бүгін жергілікті тәртіп сақшыларын осылай айыптады. Айтуларынша, тек соңғы бір айдын өзінде аядай ауылдың 30 үйі тоналған. Сұғанақтардың үстінен түсіп, танып қалғандары да бар екен. Алайда полицейлерге соларды нұқып көрсеткенімен, істің алға жылжитын түрі жоқ.

  • 5 Ақпан 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

Бұл баспанасы мен көлігін кепілдікке салып 160 мың доллар алған Надежда Халилова. Ақшасынан бір күнде айырылып қалып отыр. Зар жылаған келіншектің айтуынша, ұрылар санаулы минутта 70 келі сефті  терезеден алып шыққан. Сондықтан, үй иелерінің жоқтығын, бағалы бұйымдар мен қыруар ақшаның барын білетін көрші-қолаңның бірі ме деп күдіктенеді.

 — Міне, іздері жатыр. Аяғында кроссофкамен болған сияқты. 

Ал бұл дәл осылай ұрылардың қолынан аман қалған Софья Мугаева. Сұғанақтар құлыпты сындырып кірмек болған кезінде көмек шақырып үлгеріпті. Ұрыны да бірден танығанын айтады. Полицияға дереу хабарласа да қаскөйдің қолына кісен салынбаған.

Қалкен Жанұзақова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

—  Полиция жұмыс істемейді. Міне екі үйге ұрлап кетті. 5 күн өткеннен кейін тағы екі үйді ұрлап кетіп отыр. Одан қоймай жесір мен балаларды тонайды. Несі бар ештеңесі жоқ адамдарда?

Мән-жайды білмекке Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына барған едік. Тұрғындардың айтқаны келді. Басшы тұрмақ, ауылдың тәртібіне жауапты участкелік инспектордың өзімен сөйлесу мұң екен. Тәртіп сақшы су жаңа Лэнд Круизерінен түскен де жоқ. Жап-жас аға лейтенанттың полицейдің айлығына қымбат көлікті қалай алғаны өз алдына бөлек сұрақ.


— Үйіме түнеуге қорқамын. Өлтіріп кетсе қайтемін? Ей, бала неге үндемейсің? Тіліңді жұттың ба?

Жәбірленушілердің белдерін бекем буып, жауапсыз кетпесін түсінді ме, ұзаққа бармай қаша жөнелді.

-Сіз қызметтегі адамсыз неге сұхбат беруден бас тартып тұрсыз, айтыңызшы? Жасұлан?

Ал облыстағы басшылары 30-аса үйдің мүлкі, алтыны мен бар қаражаты қолды болуы мүмкін емес деп отыр. Айтуларынша, 10 арыз түскен. Оның үшеуін әшкерелепті. Қалғаны да ұзаққа бармай ашылады дегенімен, тұрғындар сенген жоқ. Олардың ендігі үміті Ішкі Істер министрлігінде.

— Ішкі Істер министрі сіздің қызметкерлеріңіз қылмысты ашқысы келмей ма әлде қорқа ма? Мұндай полицейлердің не қажеті бар бізге? Ұрыларды ұстай алмаса  кетсін!